Әлеуметтік желіде жалған мәлімет таратқан «полицейдің» үстінен тергеу амалдары басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Әлеуметтік желіде полиция киімін киіп, өліп жатқан адамның  суретін салған әлеуметтік желі пайдаланушысының үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ВКонтакте» әлеуметтік желісінде «Павел Егоров» есімді желі қолданушысының полиция формасында өзінің және ұстау барысында өлтірілді делінген бір адамның суретін жария етуі әлеуметтік желі пайдаланушылары арасында кеңінен талқылануда.  Аталған желі қолданушысы ішкі істер органдарының қызметкері емес. Ол «Қазақфильм» кино студиясында полицейлер туралы фильм түсірген компанияның күзетшісі болып жұмыс істеген», -  деді ол.

 Департамент басшысының айтуынша, актерлердің киімін пайдаланып, кино түсіру алаңында полиция формасында суретке түскен және оны өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.

«Суретіне «кәсіби ерекшелік» беру үшін әскери бұйымдар сататын орыннан ІІМ нышаны бар әмиян мен кісен сатып алып, өз атына тіркелген газ тапаншасын пайдаланған және интернеттен жүктелген өлген адамның суретін пайдаланған. Қасақана жалған ақпарат тарту фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Алмас Садубаев.

Соңғы жаңалықтар