Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандарды анықтау шаралары жүргізілуде - Астана ІІД

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Астана Ішкі істер департаменті әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандарды анықтау және оларды қылмыстық жазаға тартуға бағытталған тергеу-жедел іс-шараларын бастады.

«Астаналық Ішкі істер департаментімен ҚР ҚК-нің 274-бабы 3 б. (көрнеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурстарының әлеуметтік желіде белгісіз біреулердің қазақстандық оқулықта жалаңаш ер мен әйелдің суреті келтірілген бірнеше есептер бар деген шындыққа жанаспайтын жалған ақпарат таратқандығы туралы жөніндегі шағымы тіркелді»,-делінген ІІД таратқан хабаарламада.

Астана қ.ІІД тергеу басқармасымен сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Кінәлі адамдарды анықтау және оларды қылмыстық жазаға тартуға бағытталған тергеу-жедел іс-шараларының кешені жүргізілуде.

Қылмыстық істің тергелуі Қазақстан Республикасы ІІМ-нің бақылауында. 

Соңғы жаңалықтар