Әлеуметтік желіде свастиканы бөліскен қарағандылық жауапқа тартылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерге фашистік свастиканы насихаттайтын суреттер жариялап, жағымсыз хабарламалар арқылы араздық тудырған Қарағанды қаласының тұрғынына 4 жыл 8 айға бас бостандығынан шектеу туралы үкім шығарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Тергеу амалдары көрсеткендей, 38 жастағы азамат неоұлтшылдықты жақтап, айналасындағыларға белсенді түрде фашизм идеяларын сіңіре бастаған. Қарағанды қаласы ішкі істер департаментінің қызметкерлері, әлеуметтік желі белсендісін қылмыстық жауапкершілікке тартты.

«Ол өзінің қылмыстық іс-әрекетін «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы жүзеге асырып, ұлттық және нәсілдік араздық тудыратын материалдарды жүктеп отырған. Сондай-ақ, фашистік свастика бейнеленген туды пайдаланған», - деп жазылған сот үкімінде.

Айыпталушы шетелдік интернет-қауымдастықтардың жарияланымдарымен бірнеше мәрте бөліскен.

Сот 38 жастағы азаматты ҚР Қылмыстық кодексінің 174 бабы, 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 4 жыл, 8 айға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды. Қазіргі уақытта құқыққорғау органдары осыған ұқсас қылмыстардың алдын алуға байланысты ауқымды шаруалар атқару үстінде. Аталмыш құрылым қазір экстремистік контент таратып жүрген кез-келген қолданушыны анықтай алатын құрылғылармен жабдықталған.

Соңғы жаңалықтар