Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 310.70
EUR 348.20
RUB 5.49
CNY 45.10

Әлеуметтік патруль Қарағандыда қараусыз қалған балаларды бақылауға алды

Әлеуметтік патруль Қарағандыда қараусыз қалған балаларды бақылауға алды
2017 жылғы 16 мамыр 17:03 320

АСТАНА. ҚазАқпарат - Прокурорлар қараусыз қалған балаларды қамқорлыққа және ерекше бақылауға алу мақсатында «Әлеуметтік патруль» жобасын қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік қызметкерлер жайсыз отбасыларға жергілікті органдардан төлемақы мен жеңілдіктер алуға көмектеседі. Көбінесе әбден берекесі қашқан мұндай отбасыларда құжаттардың толық пакеті бола бермейді. Оның үстіне тиісті қызметке қандай құжаттар тапсыру қажеттігін де біле бермейді.

«Әлеуметтік патруль» жобасының барлық мүшелері осындай отбасылармен нақты жұмыс істейді, яғни әркім өзіне тән саламен айналысады. Кәмелеттік жасқа толмағандардың мүддесін қорғау прокуратура органдарының басым міндеттердің бірі. Бала құқықтарын бұзу фактілеріне үлкен маңыз берудің арқасында отбасы және балаға қарсы қылмыстардың саны азайтылды. Нұра ауданының өзінде бұл көрсеткіш 94,1 процентке төмендеген. Яғни 17 фактіден 1 фактіге дейін азайып отыр. Бұл өте үлкен нәтиже», - дейді облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Нұрлан Әбжанов.

Сонымен қатар бұл ауданда 16 жасқа толмағандарға қатысты сексуалдық бағыттағы қылмыстар да толығымен жойылып отыр.

«Нұра ауданында қиын жағдайға душар болған 3 отбасыға және 12 балаға әлеуметтік көмек көрсетілді. Қайыр сұрауға мәжбүр болған нақты отбасылардың проблемалары шешілді», - деп атап өтті Нұрлан Әбжанов.

Жалпы, прокуратура жеті бірлескен жобаны қолға алған. Олар: «Әлеуметтік патруль», Ата-ана патрулі», «Жаңа жылда қарызсыз!», Мүгедектерді жұмыспен қамту, кедергісіз орта», «Мейірім», «Прокурордың ашық трибунасы» және «Жастар клубы» деп аталады.

 

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер