Алеппода 2 миллион адам сусыз қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ балалар қоры ЮНИСЕФ Алеппода болған қиян-кескі ұрыстардан соң 2 миллионаннан астам адам сусыз қалғандығын мәлім етті, деп хабарлайды kyrtag.kg.

Халықаралық ұйым мәліметтері бойынша, кемінде бір су тартқыш мұнараға зақым келген. Ал, осы аймақта болып жатқан қақтығыстар оны жөндеуге мүмкіндік бермей отыр.

Бұған қоса, қаланың шығыс аудандарына су жіберетін станция жұмысы көтерілісшілер тарапынан мәжбүрлі түрде тоқтатылған.

ЮНИСЕФ өкілдері қалыптасқан жағдайдың түрлі аурулардың шығуына түрткі болатындығын айтып отыр. Өйткені, адамдар енді құдықтардағы лас су мен өзге де су көздерін пайдалана бастайды.

Өткен тәуліктерде Алепподағы көтерілісшілер бақылап отырған аудандарға әуеден дүркін-дүркін соққылар жасалды. Бейсенбі күні АҚШ пен Ресейдің Сирия бойынша татуласу бағытындағы келіссөздері тағы да нәтижесіз аяқталды. Сәтсіз аяқталған келіссөздерден соң БҰҰ-ның арнайы елшісі Стаффан де Мистура кездесудің өте қиын болғандығын айтты.

Сарапшылар жақын арада жағдайдың жақсы жағына қарай өзгеретіндігіне күмәнмен қарайды.

Соңғы жаңалықтар