Әлемнің үздік қымыз өндірушілері «Қымыз-Фест» фестиваліне жиналады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында алғаш рет қымыз және бауырсақтар фестивалі өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Шілде айының басында облысымызда «Қымыз-ФЕСТ» пен «Бауырсақ-PARTY» мерекелік фестивальдарын өткізуге дайындалып жатырмыз!», - деп жазды облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова Facebook-тегі өзінің парақшасына.

Фестивальдарды облыс туризмінің 33 маңызды нысандары тізіміне енген көрікті жерлердің бірі - Төрткөлде өткізу жоспарлануда.

Тараздың батысында орналасқан Төрткөлде орта ғасырдағы керуен-сарай болған. 2008 жылдан бастап ежелгі қорғанның орнында Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының мамандары қазба жұмыстарын жүргізіп келді. Бұл қорған біздің дәуіріміздің VI-VII ғасырына тиесілі.

Төрткөлдегі фестиваль ашық аспан астында өтеді. Мұнда Қазақстан өңірлері мен өзге елдердің 80-нен астам қымыз өндірушісі өз өнімдерін алып келмек.

Қ.Аралбекованың айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесінің қонақтары үшін буклеттер шығарылып, деректі фильмдер түсірілуде, сондай-ақ ескерткіш кәдесыйлар дайындалып, тарихи-мәдени нысандарға экскурсиялар әзірленуде.

 

 

Соңғы жаңалықтар