Әлемнің ең бай адамы робот итпен серуендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық миллиардер, Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос Boston Dynamics компаниясы шығарған робот ит SpotMini-мен серуендеді. Бұл жайлы фотосуретті Дж. Безос Туиттердегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Безос робот техникасы және ғарышты зерттеуге арналған MARS конференциясына ерекше «жаңалықпен» келді. Безостың микроблогы желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

Калифорнияда өтіп жатқан MARS конференциясы 19 наурыз күні ашылды. Джефф Безос онда қонақтарға басқа құрылғыларды да ұсынды.

Еске сала кетейік, Джефф Безос биыл да әлемнің ең дәулетті адамы атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар