Әлемнің бұрынғы чемпионы Головкинге қарсылас тауып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің бұрынғы чемпионы Дэниел Джейкобс қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулына үміткер Сергей Деревянченкомен жекпе-жекке шығуы керек деп есептейді. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

«Головкин Деревянченкомен айқасқа шығуы керек. Бұл екі боксшы үшін тиімді болмақ. Мен Сергей мұндай мүмкіндікке ие болып, Геннадийге қарсы жекпе-жекке шықса қуанар едім. Бұл бизнес тұрғысынан қараған кезде тиімді деп айтпасам да, спорт үшін маңызды болмақ», - деді The Daily Express-ке берген сұхбатында Джейкобс.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко келісімге келген болатын. 

Соңғы жаңалықтар