Әлемнің әйгілі ардагер футболшыларына «Қазақстанда жасалған» сағаттар тарту етілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өткізіліп жатқан «EXPO 2017 Football Cup» турнирінде әлемдік деңгейде атағы шыққан 4 футболшыға Қазақстанда жасалған сағаттар табысталды. Сыйлықтарды спортшыларға «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақыт Сапаров берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазақстанда жасалған сағаттар «Алтын доп» иегері атанған француз футболшысы Жан Пьер Папенге, салған голы бойынша Финляндия ұлттық құрамасының рекордсмені Яри Литманенге, Камерунның үздік ойыншысы атанған Джереми Нжитап пен 1994 жылы Бразилия құрамында өнер көрсеткен Алдаирға «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы атынан тапсырылды.
null null null 

Еске сала кетсек, бүгін Елордадағы «Астана Арена» стадионында «EXPO 2017 Football Cup» турнирінің шешуші кезеңі өткізілуде. Турнирдің аутсайдері Германия болса, бесінші орынды Италия, төртінші орынды Қазақстан, үшінші орынды Португалия құрамасы алды. Қазіргі уақытта Әлем құрамасы мен Ресей футболшылары арасында финалдық кездесу өтіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар