Әлемнің 48 мемлекеті көмірден бас тартты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мароккода БҰҰ Климаттың өзеруі жөніндегі Бүкіләлемдік конференция аяқталды. Қатысушылар жаһандық жылынудың алдын алу үшін 48 мемлекеттің көмірді тұтынудан бас тартуы туралы 2015 жылдың желтоқсанында қол қойылған Климат жөніндегі Париж тарихи келісімінің баптарын жүзеге асыру бойынша іс-қимыл жоспарын құрды, деп хабарлайды Росбалт DW басылымына сілтеме жасап.

Конференцияға қатысушы мемлекет өкілдерінің барлығы 1,5 градустан жоғары болатын жаһандық жылынуға жол бермеу үшін көмірден энергия көзі ретінде бас тартуды қолдады. Бұл бастаманы қолдаушылардың барлығы 2050 жылдан бастап, жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалануға көшпек. 


Басылымның хабарлауынша, түптеп келгенде мемлекеттер тарапынан қабылданған шешімнің орындалуы өте қиын. 2015 жылдың 12 желтоқсанында БҰҰ-ның Парижде өткен Климаттық саммитінде климаттық қорытынды келісім қабылданды. Ол Киото хаттамасын алмастыруы қажет болатын. Құжат 2020 жылдан кейін парниктік газдардың қалдықтарының мөлшері мен климаттың өзгеруін анықтайды.

Соңғы жаңалықтар