Әлемнің 10 елінің тоғызқұмалақшылары Қызылордаға келеді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат -Қызылорда тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Халықаралық жарыс 2-6 наурыз аралығында 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер және одан жоғары жастағы ересектер арасында өтпек.

Биыл он бірінші мәрте ұйымдастырылатын турнир мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналып отыр.

Турнирге Ауғанстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Түркіменстан, Түркия, Тәжікстан және Қазақстаннан 200-ден аса тоғызқұмалақшылар шеберлік байқасады. Осы жылғы бәсекеге Қытай және Ауғанстанның ойыншылары тұңғыш рет қатысатын болады. Жарыс классика бойынша 9 турда, жас ерекшелігіне сәйкес 4 топта өткізіледі.

Зияткерлік сайыста еліміздің құрама команда сапында Әлем чемпиондары, ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері Хәкімжан Елеусінов, Әсел Дәлиева, Әлем чемпиондары Ғалымжан Темірбаев, Нұрбек Кабиев, Диана Кенина, Лина Каримова өнер көрсетсе, Қырғызстаннан Азия чемпионы, Әлем чемпионатының жүлдегері Анарбек Жамакеев қатысады. 

Соңғы жаңалықтар