Әлемдік рекорд үшін жүздеген «Эйнштейн» Торонтоға жиналды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Торонто қаласында Альберт Энштейн костюмін киген 400-ден астам адам бір уақытта осы киімді ең көп киген адамдар тобы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы CBC News хабарлайды.

Рекорд орнату үшін оқушылар мен ересектерден құралған 404 адам танымал физиктің стилінде блейзер киіп, галстук тақты. Сонымен бірге, The Next Einstein байқау-шарасының ұйымдастырушылары әзірлеген ақ түсті жасанды шаш пен мұрт қойды.

Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері қатысушыларды санап шығып, рекордтың орнатылғанын мәлімдеді. Қуанышты хабарды естіген қатысушылар алақайлап, париктерін аспанға лақтырды. 

Соңғы жаңалықтар