Әлемдік оқулықтарды аударуда ұлттық жадыны естен шығармау қажет - Болат Көмеков

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік деңгейде танымал оқулықтарды қазақ тіліне тікелей аудару барысында ұлттық жадыны да естен шығармау қажет. Мұндай пікірді ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Болат Көмеков білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында екі бағытта жұмыс істеген абзал. Біріншіден, аталған оқулықтарды аудару есебінен әлемдік стандарттар деңгейіне жетуіміз қажет. Екіншіден, бізге ұлттық жадымызды сақтап қалу маңызды. Өйткені, жаратылыстану ғылымында ұлт жоқ. Биология, физика, химия сынды салалардағы кітаптарды еркін аударуға болады. Ал қоғамдық-гуманитарлық ғылымға келгенде біздің ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді, ұлттық жадымызды ескеруіміз қажет», - деді  академик  Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орталық сарапшылық кеңесі аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның атап өтуінше, батыс әлемінде қазақ халқына ған тән көптеген түсініктер жоқ. Мәселен, «дала өркениеті» түсінігін қолданбайды. Ал оны біз оқулықтарды аудару барысында тиімді қолдануымыз қажет.

«Ал бұл мәселеге келгенде авторлармен хат алмасып, олардың пікірлерін нақтылау қажет. Сонымен қатар олардың рұқсатымен бұл жұмыстарды жүргізіп, тіпті болмаса кітапқа редакторлық ескертпе ретінде төменгі жағына қосқан жөн. Дегенмен, мұның өзін аталған оқулықтардың авторлармен келісіп отыру қажет және қоғамдық ғылым саласында біздің жетістіктерімізді де қосу керек», - деді Болат Көмеков.

Соңғы жаңалықтар