Әлемдік мұнай бағасы қымбаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларында өтіп жатқан электрондық сауда-саттықта сәрсенбі күні мұнайдың бағасы айтарлықтай өсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА сауда деректеріне сілтеме жасап.

Лондонның ICE Futures биржасында қаңтар айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері бір баррельге 0,75 долларға дейін артып, 63,32 долларға көтерілді. 

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың қаңтар айындағы фьючерстері бір баррельге 1,19 долларға қымбаттап, 50,66 долларға жетті.

Соңғы жаңалықтар