Әлемдік мұнай бағасы құбылып тұр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларында жұма күнгі сауданың нәтижесі бойынша Brent маркалы мұнайдың бағасы төмендеп, WTI мұнайының құны көтерілген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА сауда көрсеткіштеріне сілтеме жасап.

Сауда нәтижесі бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында ақпан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері бір баррельге 0,08 долларға дейін түсіп, 63,23 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың қаңтар айындағы фьючерстері бір баррельге 0,26 долларға жоғарылап, 57,3 долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар