Әлемдік мұнай бағасы көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы бейсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы айтарлықтай көтерілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Лондонның ICE Futures биржасында ақпан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,87 долларға дейін қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 63,31 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың қаңтар айында жеткізілетін фьючерстері 0,44 долларға көтеріліп, бір баррельдің бағасы 57,04 долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар