Әлемдік мұнай бағасы көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы бейсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Лондонның ICE Futures биржасында қаңтар айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,46 долларға қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 63,57 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың қаңтар айында жеткізілетін фьючерстері 0,1 долларға қымбаттап, бір баррельдің бағасы 57,4 доллар болды.

Соңғы жаңалықтар