Әлемдік мұнай бағасы арзандап келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларында өтіп жатқан электрондық сауда-саттықта мұнай бағасы төмендеп келеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА сауда-саттық мәліметтеріне сілтеме жасап.

Лондонның ICE Futures биржасында қараша айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстері бір баррельге 0,34%-ке дейін түсіп, 55,14 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың қазан айындағы фьючерстері бір баррельге 0,43%-ке арзандап, 49,48 долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар