Әлемдік мұнай бағасы арзандады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларында сейсенбі күнгі сауданың нәтижесі бойынша мұнайдың бағасы төмендеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА сауда көрсеткіштеріне сілтеме жасап.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың ақпан айындағы фьючерстері бір баррельге 1,35 долларға арзандап, 63,34  долларды құрады.

Лондонның ICE Futures биржасында қаңтар айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері бір баррельге 0,85 долларға дейін түсіп, 57,14 долларды құрады. 

Соңғы жаңалықтар