Әлемдік футбол жұлдыздарының ойынына билетті 2 мың теңгеге сатып алуға болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 тамызда елордадағы «Астана Арена» стадионында басталатын «EXPO 2017 Football Cup» турнирінің матчына билет 2 мың теңгеден сатылады. 

Сол билетпен кешкі уақытта «ЭКСПО-2017» көрмесін де аралауға болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бүгін біз ресми түрде билет сатуды бастаймыз. Билеттерді ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ресми сайты арқылы алуға болады. «Астана Арена» стадионына «EXPO 2017 Football Cup» турнирінің матчына алынған билетпен сағат кешкі 18:00 уақытынан кейін ЭКСПО-2017 көрмесіне кіруге болады. Демек, футболға билет алған адам кешкі уақытта сол билетпен көрмені де тамашалай алады», - дейді «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Туризм және дамыту департаментінің директоры Аллен Шайжүнісов.

Еске сала кетсек, ЭКСПО-2017 көрмесі аясында 5 тамыз күні елорданың «Астана Арена» стадионында «EXPO 2017 Football Cup» халықаралық футбол турнирі басталады. Елордалық стадионда Қазақстан, Ресей, Италия, Германия, Португалия құрама командалары мен әлем құрамасы ойнайды. Турнирде Дино Баджо, Марко Дельвеккио, Нуну Манише, Жан-Пьер Папен, Роман Широков, Валерий Карпин, Александр Филимонов сынды әлемдік футболдың ардагер жұлдыздары өнер көрсетеді.

 

Соңғы жаңалықтар