Әлемдегі «шиеленіс ошағынан» «ҚазАқпарат» репортажы: Пешавар

None
None
ИСЛАМАБАД-ПЕШАВАР. ҚазАқпарат - Таяу Шығыстағы тілшіміз Пәкістанның Ауғанстанмен шекаралас аймағына орын тепкен Пешавар қаласында болып, ғаламшардың «шиеленіс нүктесіндегі» қазіргі ахуал жайлы репортаж жасады.

Лаңкестікке қарсы күрестің толассыз жүргізіліп жатқанына қарамастан Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясының әкімшілік орталығы Пешавар әлі күнге елдегі қауіпті аудандардың бірі ретінде қалып келеді. Көрші Ауғанстан және федералды орталықтың әмірі жүрмейтін, бүкіл билік тайпабасылардың қолына өткен «Тайпалар аймағы» деп аталатын аумақ лаңкестік әрекеттердің басты ошағы болып отыр.

Пешавар Тайпалар аймағына кірмейді, алайда оның орналасқан жері және халқының тығыз болуы қаланы лаңкестік шабуылдар үшін қолайлы нысанаға айналдырып отыр.

Пәкістан астанасы Исламабад пен Пешаварды ақылы М-1 федералды трассасы байланыстырады. Екі қаланың арақашықтығы 160 километрді құрайды. 1 АҚШ доллары көлеміндегі (автокөліктің түріне қарай) жол жүру ақысын жүргізушілер нақтылай төлейді.

Қалаға кіретін жолдарды көптеген постар қорғайды. Пешавардың орталық бөлігінде қазір құжынаған адам, қайнаған өмір, жанданған тіршілік билік құрған. Орталықта негізі жолдар күрделі жөндеуден өтуде.

Пешавардың көрікті жерлерінің бірі - 2000 жылдан астам тарихы бар Балахисар Форты. Пешавардың қарқынмен дамып келе жатқанын ескерсек, форт қаланың орталық бөлігінде орналасқан деуге болады. Онда Пәкістанның Солтүстік-батыс шекаралық корпусының штабы орналасқан.

Корпус полковнигі Камран мырзаның айтуынша, Пәкістанның шекаралық корпусы (ағыл. Frontier Corps) Пәкістанның федералды басқарылатын әскерилендірілген құрылымдары болып табылады. Негізінен Тайпалар аймағының тұрғындары есебінен толықтырылады. Әскери қызметшілердің жалпы саны 80 000 адамға жетеді.

Бұрын түрме болған Форттың жертөлесі қазір кішігірім музейге айналдырылған. Мұнда «Ислам мемлекеті» содырларының жалауы да экспонат ретінде қойылған. Музейдің басым бөлігінде ескі қару-жарақтар, өңір тайпаларының ұлттық киімдері, тұрмыстық керек-жарақтары тұр. Форт қонақтарын қамалдың құрметті қарауылы қарсы алады. Балахисар Фортының көру алаңына шықсаңыз, қаланың панорамасы көз алдыңызда тұра қалады.
null null null null

Хайбер-Пахтунхва провинциясының губернаторы Иқбал Зафар Джагграның сөзіне қарағанда, өңір елдегі бүкіл ЖІӨ-нің 10%-ін, ал пайдалы қазбалардың 20%-ін береді. Өткен көрсеткіштермен салыстырғанда экономика 3,6 есеге артқан. Ауыл шаруашылығы өңір экономикасының маңызды секторы ретіндегі рөлін сақтап келеді, мұнда бидай, күріш, жүгері, темекі, қант қызылшасы сияқты көкөніс түрлері мен алуан түрлі жемістер өседі.
null 

И.Джаггра өңірдің Қазақстан өкілдерімен ынтымақтастық жасауға ашықтығын және дайын екенін тілге тиек етті.
null 

Соңғы жаңалықтар