Әлемдегі ең үлкен шар жерге құлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең үлкен шар Airlander 10 Ұлыбританияда құлады, деп жазады ITV News .

Әлемдегі ең үлкен ұшатын аппарат Бедфордшир графтығы маңында құлаған. Оның бортында болған экипаж мүшелері емханаға жеткізілді. Airlander 10  кабинасы толық қираған.

Айта кетейік, жалпы ұзындығы 92 метрге жететін 4,9 шақырым биіктікке дейін көтерілетін әуе шары сағатына 148 км қашықтықта ұшуға қауқарлы. Аппаратты жасауға шамамен жүз млн фунт жұмсалған.

Апаттың себептері анықталу үстінде.

 

Соңғы жаңалықтар