Әлемдегі ең кішкентай зымыран орбитаға жетпей құлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең кішкентай зымыран орбитаға жете алмай, теңізге құлап түсті. Диаметрі 50 сантиметр (ұзындығы 9,5 метр және салмағы 2,6 тонна) ерекше SS-520 зымыраны Жапонияның Кагосима префектурасындағы Утиномура ғарыш орталығынан ұшырылған, деп хабарлайды ресейлік Вести.ру.

Зымыранның екінші сатысындағы отын тұтанбағасын құлап түсуі мүмкін деген болжам айтылды.

Жапония БАҚ-тары зымыран ұшырылған соң 7,5 минуттан кейін 200 шақырымға көтеріліп, белгіленген орбитаға жетті, деп хабарлаған.
Шағын зымыран 11 қаңтарда ұшырылуы тиіс болса да ауа райының қолайсыздығынан оны кейінге шегеріп келді. 

Соңғы жаңалықтар