Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды

Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
2017 жылғы 16 қыркүйек 12:10 575

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ямайкада 117 жастағы Вайолет Мосс Браун (Violet Mosse Brown) жер бетіндегі ең көп өмір сүрген адамдардың бірі саналады. Бұл жайлы 16 қыркүйек күні Твиттердегі парақшасында аралды мемлекеттің премьер-министрі Эндрю Холнесс хабарлады.

Ол әлемде ең ұзақ жасаған адам ретінде 2017 жылдың сәуір айында 1900-інші жылға дейін туған соңғы адам италяндық Эмма Моран қайтыс болғаннан кейін  танылды.

Браун ямайкалық Трелониде 1900 жылдың 10  наурызында туған. 2010 жылы ол жергілікті басылымдарға сұхбат берді.

Ол сұхабында ұзақ өмір сүруінің себебін шошқа  және тауық етін жемейтіндігімен, сондай-ақ, ешқашан ром ішпейтіндігімен байланыстырған.

Браун 2017 жылдың 26 шілдесінде тарихтағы ең ұзақ жасаған  адамдар тізімінде 5-орынға ие болды. 

 

 

Басты сөздер: Әлем,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер