Әлемдегі ең ірі инвестиция Қазақстанға салынады - Бақытжан Сағынтаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін шет мемлекеттердің елшілеріне Қазақстанның инвестициялық стратегиясын таныстыру рәсімінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мұнай-газ саласындағы ең ірі инвестиция туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Жақында мен Америка Құрама Штаттарында болып, "Шевронның" басшысы Уотсон мырзамен кездескенмін. Сонда оның айтқаны, 25 жылдың ішінде Қазақстан қалай өсті, "Шеврон" да солай дамыды. Алдағы уақытта компания өз өндірістерін кеңейту аясында 39 млрд. доллар көлеміндегі инвестицияны салуды жоспарлап отыр. Бұл әлем бойынша мұнай-газ саласындағы ең ірі инвестиция болып саналады. Уотсон мырза өз компаниясының шетелдегі Қазақстан елшісі құсап бәріне осы елдегі инвесторлар үшін жасалатын жағдайлар жайында айтып жүретінін жеткізді. 25 жылдың ішінде қаншама ақша таптық, енді соны басқа мемлекетке емес, Қазақстанға саламыз деп отыр. Сондықтан біз ескі инвесторларды еш уақытта ұмытпаймыз. Өйткені оларға қарап, жаңа инвесторлар келеді", - деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстанға тартылған инвесторлардың аймақтарда бірқатар кедергілерге тап болатынына алаңдап отыр. Соның бірі - жергілікті биліктің тіл білмеуі.  

Ал ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, маусым айының аяғына дейін инвестицияларды тартудың ұлттық стратегиясы даярланады. Соның аясында шетел инвестициясын тартып қана қоймай, оны ұстап қалуға да басымдық беріледі. 

Соңғы жаңалықтар