Әлемдегі ең биік будда ғибадатханасы жанып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда ағаштан тұрғызылған Азиядағы ең биік ғибадатхана жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытайдың Сычуань провинциясында 16 қабатты ағаш мұнара жанып кетті. Ол таза ағаштан салынған Азиядағы ең биік нысан, ал әлемдегі ең биік будда ғибадатханасы болған.

Оның биіктігі шамамен - 150 метр. Мұнара Тин династиясы кезіндегі Тяньнин көне ғибадатхана кешенінің бір бөлігі болған.

«Жексенбі күні Қытайдың Сычуань провинциясында Азиядағы ең биік 16 қабатты ағаш мұнара қызыл жалынға оранып, опырылып құлады. Зардап шеккендер жоқ. Жалынның шығу себебі анықталуда», - делінген Твиттерде видеоны орналастырған People's Daily,China аккаунтында. 

Соңғы жаңалықтар