Әлемдегі ең бай адамның кім екендігі белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос кеше, бейсенбі күні Forbes-тің миллиардерлер рейтингінде Microsoft негізін қалаған Билла Гейтсті басып озды.

Amazon акциясының 2.3 пайызға өсу арқасында Безостың қаржылық жағдайы 2 млрд долларға көбейді. Атап айтқанда,  акция құнының жоғарылауы арқасында Amazon компаниясы негізін қалаушының байлығы  Гейтстен 1,4 млрд долларға асып кетті. Безостың байлығы 90,5 миллиард долларға жетті деп жазады басылым.

Соңғы жаңалықтар