Әлемде жылына қанша пара алынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлем бойынша жыл сайынғы пара көлемі триллион долларды құрайды. Оған қоса әлемдік экономика сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне байланысты тағы 2,6 триллион долларды жоғалтады.Бұл туралы БҰҰ жаңалықтар орталығы хабарлайды.

БҰҰ жемқорлық кез-келген қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейтін үлкен қылмыс екенін еске салады. Бірде-бір мемлекет, бірде-бір аймақ сыбайлас жемқорлықтан сақтандырылмаған.

«Transparency International» ұйымының мәліметінше, Ресей, Украина және Қазақстан сыбайлас жемқорлық индексімен әлем бойынша 131-ші орында тұр.

Биылғы жылы БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы мен БҰҰДБ бірлесіп сыбайлас жемқорлықтың білім, денсаулық сақтау салалары, әділеттілік пен демократияға қалай ықпал ететінін түсіндіруді көздейтін бірлескен жоба науқанын жасауда.

Соңғы жаңалықтар