Әлемде күйзеліске ұшырағандар саны ширек есе өсті - ДДСҰ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Ресми деректерге сәйкес, Украинада халықтың 6,3 пайызы күйзеліске ұшыраған. Әлемде барлығы 30 миллионнан астам тұрғынның   психикасы бұзылған, деп хабарлайды  УНИАН.

ДДСҰ-ны бұл аурудың артып келе жатқаны алаңдатады: 2005-2015 жыл аралығында әлемде күйзеліске ұшырағандар саны 18%-ға артқан.

Дәрігерлер күйзеліс күрделі әлеуметтік, психологиялық, биологиялық факторлардың нәтижесі болып табылатынын атап өтеді. Оның ішінде, 20 пайызы босанғаннан кейінгі күйзеліс. Бұдан басқа, бұл аурудың туындауына экономикалық қиындық, жұмыссыздық, табиғи апат, дау-дамай сияқты факторлар әсер етеді.

Соңғы жаңалықтар