Әлемде қанша құл бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ құрамына кіретін Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) әлемдегі құлдарды санап шықты, деп хабарлайды Reuters.

ХЕҰ мәліметтеріне қарағанда, 2016 жылы дүниежүзі бойынша 40,3 миллион адамның құлдықта жүргендігі есептелген. Ұйым олардың басым бөлішінің әйелдер мен қыздар, кәмелеттік жасқа толмаған балалар екендігін алға тартып отыр.

24,9 млн құл жұмысы ауыр болып есептелетін зауыттарда, құрылыстарда, фермалар мен балық аулау шаруашылығында жұмыс жасауда. Сондай-ақ жыныстық құлдықта отырғандар да жетерлік.

«Ең көп құлдар Африкада, сосын Азия мен Тынық мұхиты елдерінде тіркелген», - деп жазылған ХЕҰ баяндамасында.

Соңғы жаңалықтар