Әлемде ішімдікті ең көп ішетін ел анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың нәтижесі бойынша алкогольдік ішімдік тұтынуда Литва мемлекеті алдыңғы орында тұрғандығы анықталды. Мұндай мәліметті Вильнюсте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Еуропалық бюросының инфекциялық емес созылмалы аурулар және салауатты өмір салтын насихаттау департаментінің директоры Гауден Галеа жария етті, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі.

Гауден Галеаның айтуынша, 2016 жылы Литваның бір тұрғыны таза этанол ретінде орта есеппен 16 л алкогольдік ішімдік тұтынған. «Бұл жаңа көрсеткіш Литваны Еуропадағы ең көп ішетін, ал дүниежүзіндегі ең ішкіш ел ретінде көрсетеді», - деді Галеа.

Журналистерге көрсетілген тізім бойынша, екінші орында әр тұрғыны жылына 15 л алкоголь ішетін Беларусь мемлекеті көрсетілген. Ал, үшінші орында Латвия (орта есеппен 13 л-ге жуық).

Адам басына шаққанда 12 литрден сәл асатын ішімдік тұтыну көрсеткішімен Ресей және Польша төртінші орында.

Соңғы жаңалықтар