Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 335.24
EUR 395.82
RUB 5.82
CNY 50.65

Әлем кубогында елордалық аула клубының тәрбиеленушілері чемпион атанды

Әлем кубогында елордалық аула клубының тәрбиеленушілері чемпион атанды
2017 жылғы 13 қазан 22:40 375

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 5-8 қазан аралығында киокушинкай каратэ бойынша "World Dream Cup"  («kumite» және «ката» секциялары) ашық Әлем кубогы өтті, хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Чемпионат Будапешт қаласында (Венгрия) балалар, жасөспірімдер, ересектер мен ардагерлер арасында өткізілді. Кубокқа Қазақстан атынан 12 спортшы, сонымен қатар Германия, Ресей, Венгрия, Украина, Белоруссия, Бельгия, Швеция, Испания өкілдері қатысты.

Жасөспірімдер арасында Астана қаласының «Cross Fit Kids» аула клубының тәрбиеленушілері үздік нәтижелер көрсетті: Иманвердиев Мансұр мен Ибраев Шыңғысхан 1 орынды жеңіп алса, ал Ибраев Арлан 2 орын иесі атанды.

«CrossFit Kids» аула клубы биылғы жылдан бастап тегін түрде каратэ-киокошункай, кроссфит, греплинг секциялары бойынша Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен жұмыс істеп келеді, бірақ осы қысқа мерзімде көптеген жарыстарда жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Аула клубы Кеңесары көшесі, 42 адресі бойынша орналасқан және әрбір келушілерге есігі ашық.

 

 

Басты сөздер: Астана, Спорт,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер