Әлем кубогы: Рейхерд Жапонияда тағы медаль алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхерд Жапонияның Тадзавако қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде екінші қола жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰОК сайтына сілтеме жасап. 

Отандасымыз параллельді могулдың кіші финалында франциялық Бенжамин Чаведан басым түсті (29:6).

Аталған сайыста бас жүлдені жапониялық Икума Хорисими жеңіп алса, екінші орынды канадалық Майкл Кингсберри қанжығасына байлады.

Тағы бір отандасымыз Павел Колмаков болса бірінші айналымда жапониялық Шо Эндодан жеңіліп қалды (16:19).

Әйелдер арасындағы сайыста Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева ширек финалда тағы жапониялық Хирако Томитакоға есе жіберіп қойды - 15:20.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Дмитрий Рейхерд ерлер арасындағы могул сайысында қола жүлдегер атанған болатын. 

Соңғы жаңалықтар