Әлем кубогы: Рейхерд 2-ші, Галышева 5-ші орында

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхерд могулдан әлем кубогының алтыншы кезеңінен кейін жалпы есептегі екінші орнын сақтап қалды, Юлия Галышева керісінше - бесінші сатыға төмендеді, деп хабарлайды Қазақпарат.

ҚР ҰОК тартақан мәліметтерге сүйенсек, Юлия Галышева Дер Вэллидегі сайыста қолын жарақаттап, суперфиналға шыға алмай қалған. Ал Рейхерд болса жарыстың күміс жүлдегері атанды, жеңіс канадалық Майкл Кингсбериге бұйырды.

6 кезеңнің қорытындысы бойынша могулдан әлем кубогының жалпы есебі:

Ерлер

1. Майкл Кингсбери (Канада) - 600

2. Дмитрий Рейхерд (Қазақстан) - 360

3. Мэтт Грэхем (Аустралия) - 280

... 14. Павел Колмаков (Қазақстан) - 110

46. Дмитрий Бармашов (Қазақстан) - 11

Әйелдер

1. Джаэлин Кауф (АҚШ) - 420

2. Перин Ляфонт (Франция) - 369

3. Бриттани Кокс (Аустралия) - 342

4. Анди Науде (Канада) - 305

5. Юлия Галышева (Қазақстан) - 248

Соңғы жаңалықтар