Әлем қазақ жастары арасында ауқымды футбол бәсекесі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 21-22 қазанында филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдығына орай Әлем қазақ жастары арасында ауқымды футбол бәсекесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спорт кешенінде өтетін шараны «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр.  Биылғы жылғы дүниежүзі қазақ жастары арасында өтетін шағын футболдан дәстүрлі «ER JANIBEK CUP» халықаралық турнирі бар өмірін қазақ әдебиетін зерттеу мен Алаш арыстарын жоқтауға арнаған ғалым Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдығында арналмақ.

Ұймдастырушылардың айтуынша, шағын футболдан өтетін турнирдің мақсаты  - дүниенің төрт бұрышында жүрген қазақ жастарының өзара жақын қарым-қатынас орнатуына үлес қосу және олардың отаны Қазақстанға деген сүйіспеншілігін еселей түсу.

Жүлде қоры 2 млн теңге болатын турнирге Франция, Германия, Түркия, Иран, Ресей, Моңғолия, Қытай және Өзбекстанда тұратын қандастарымыз және еліміздің әр облысынан қазақ жастары қатысады.

 

 

Соңғы жаңалықтар