Әлем чемпионатында қазақ спортшысы ресейлікке жол берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан ММА-дан Әлем чемпионатының финалында Еркінбек Інжелдің (84 келі) ресейлік спортшы Магомед Шаxрудиновпен жұдырықтасты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жекпе-жекте Еркінбек бірінші болып сериялық соққысын дарыта білді. Ал партерде өз қарсыласын тұншықтырып көрді. Дегенмен, өзінен төрт жас үлкен ресейліктің тәжірибесі анық байқалды. Шаxрудинов тұншықтыру тәсілінен шығып қана қоймай, Еркінбектің қимылын әбден орап тастады. Сөйтіп жүріп, өз соққыларын дарыта білді.


Екінші раундта Еркінбек оң қолымен қарсыласының шабуылын шебер тоса білді. Алайда екеуі тағы да партерге түсіп қалды. Бұл жолы ресейлік спортшы қазақтың үстінен түспей қойды. Еркінбек екі рет сілкіп көрді. Бірақ Шаxрудинов өз басымдығын берген жоқ. Төрешілер өз шешімін ресейліктің пайдасына шығарды. Осылайша, финалдық жекпе-жектерде ресейліктерге қарсы шыққан қазақстандық спортшылардың барлығы ұтылып қалды.


Айта кетейік, финалдың алғашқы жекпе-жегінде қазақстандық Санжар Әділов (56,7 келі) төрешілер шешімімен жеңімпаз атанып, чемпиондық белбеуді иеленді . Ал Денис Муцник (65,8 келі) ресейлік Абдулмуталип Гайрбеговқа есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Темірлан Иxсанғалиев (77,1 келі) те ресейліктен ұтылып қалды. Алда Қазақстанның тағы бір спортшысы өнер көрсетеді. Мария Агапова (61,2 келі) беларус Лилия Казакпен күш сынасып көрмек. 

Соңғы жаңалықтар