Әлем чемпионатына қатысатын боксшылар құрамы белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Гамбургте өтетін әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемдік дода 25 тамыз бен  2 қыркүйек аралығында өтеді. Онда Қазақстан боксшылары 10 салмақ дәрежесі бойынша ел намысын қорғамақ.

Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов бұл сында мына боксшыларға үміт артып отыр.

Олар: 49 келі салмақта Ержан Жомарт, 52 келі салмақта Азамат Исақұлов, 56 келі салмақта Қайрат Ералиев, 60 келіде Әділет Құрметов, 64 келіде Бекдәулет Ибрагимов, 69 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде Әбілхан Аманқұл, 81 келіде Ерік Әлжанов, 91 келіде Василий Левит және аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев ел намысын қорғайды.

Соңғы жаңалықтар