Әлем чемпионаты: Өзбектер алғашқы «алтынына» қол жеткізді

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Өзбекстан боксшылары алғашқы алтынына қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақтың «салмағы» атанып кеткен 69 келіде әлем чемпионатының финалына шыққан кубалық боксшы Ронел Иглесиас пен өзбекстандық боксшы Шахрам Ғиясов арасындағы аса тартысты өткен айқастың үш раундтық қорытындысы бойынша төрешілер Шахрам Ғиясовты жеңімпаз деп таныды. Осылайша өзбектер алғашқы алтынына қол жеткізді. Осылайша бұл салмақтың алтыны Өзбек еліне бұйырды, күміс жүлде Кубалықтарда, ал қоланы осыған дейін отандасымыз Абылайхан Жүсіпов жеңіп алған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, алда әлі екі қазақ боксшысы алтын жүлде үшін жұдырықтасады. Олардың бірі 75 келі салмақта сынға түсетін Әбілхан Аманқұл мен аса ауыр салмақтағы боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев.

Соңғы жаңалықтар