Әлем біріншілігі: Қазақстан велошабандоздары 13-орында

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Велоспорттың трек түрінен Гонконгте өткен әлем біріншілігінде Қазақстан жалпы есепте 13-ші орынға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған додаға жалпы саны 41 елден 344 велошабандоз қатысты.

Қазақстан ұлттық құрамасы атынан Роберт Гайнеев, Артем Захаров, Сұлтанмұрат Мірәлиев және Никита Панасенко қатысқан болатын.

Велотректің «скрэтч» түріне қатысқан Роберт Гайнеев 16-шы болып мәреге жетсе,  «омниумда» Сұлтанмұрат Мірәлиев бақ сынап, 8-ші орынға тұрақтады.

Осылайша, жалпы қорытынды есепте - 13-ші орын.

Соңғы жаңалықтар