Әлем 20 наурызда Халықаралық бақыт күнін атап өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін жер жүзі халықаралық бақыт күнін атап өтеді. Бұл күні адамдар бір-біріне жылы лебіздер айтады және барлық қалаларда қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады.

2012 жылы БҰҰ өз қарарымен 20 наурызды ерекше күн ретінде белгіледі. Халықаралық ұйым мүшелері бақытқа ұмтылудың жалпы адамзатқа ортақ сезім идеясына қолдау білдіру мақсатында бұл күнді бақытқа арнады.

Атап өткен жөн, бұл мерекені бекіту идеясы шағын оңтүстіказиялық мемлекет Бутаннан келіп түскен.Өйткені осы елдің халқы әлемдегі ең бақытты адамдар болып есептеледі. 

Соңғы жаңалықтар