Алексей Полторанин Әлем Кубогы кезеңінде жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- Шаңғыдан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Полторанин Финляндияның Лахти қаласында өткен Әлем Кубогының кезеңінде бірінші орын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

15 шақырымдық жарыс жолына қазақстандық спортшы өзін әбден қайрап шыққан секілді. Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарынан кейін Алексей қалай болса да жанкүйерлердің артқан сенімін ақтауы тиіс еді.

Жеребе бойынша Полторанин 45-ші нөмірмен шығып, оның негізгі екі қарсыласы - ресейлік Александр Большунов пен жарыс жолының иесі Иво Нисканен едәуір қарсылық танытты.

Алексей қашықтықты өте жылдам жүріп өтіп, 33 минут 11,9 секундта мәреге жетті. Үшінші болып келген Иво Нисканен біздің спортшыдан 20,9 секунд қана қалып қойды. Соңына дейін күрескен ресейлік Алексейден 9,1 секундқа есе жіберді.

Еске сала кетсек, Пхенчхан Олимпиадасында 50 шақырымдық қашықтықта Иво Нисканен алтын медаль иеленген болатын. Ал Большунов ол жарыста екінші келген еді. Алексей болса Олимпиада ойындарында 40 шақырымға дейін үштікте болғанымен, мәре сызығына жете бере қалып қойып, 15-орынға табан тіреген еді.

Соңғы жаңалықтар