Алексей Ни: Допинг дауы үшін жауаптымын, бірақ кінәлі емеспін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының ауыр атлетика федерациясы Қазақстанның ауыр атлетика құрамасына бас жаттықтырушы болған Алексей Нидің отставкаға кетуіне қатысты комментарий таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен өз еркіммен Қазақстан Республикасының ауыр атлетика құрамасының  бас жаттықтырушысы қызметінен кету туралы шешім қабылдадым. Алғаш рет бұл туралы ауыр атлеттерге қатысты допинг дауы басталған кезде, яғни Рио Олимпиадасының қарсаңында ойлаған едім. Алайда, ол кезде команданы дайындап, ойынға апару керек болды. Мойныма алған міндетті орындауым керек еді. Алайда, сол кездің өзінде спортшыларымды қорғай алмасам, олардың жүлделері жойылса, осы қызметті одан ары жалғастыра алмайтынымды, қыз-жігіттермен бірге кететінімді білгемін. Жақын күндері жаңа бас жаттықтырушы тағайындалады, ол жаңа командамен бірге жұмысқа кіріседі»,-деген Алексей Ни өз сөзінде.

Ауыр атлеттерді қатарынан екі-үш Олимпиадаға жаттықтырған Алексей Ни допинг дауына қатысты жауапкершілікті сезінетінін, алайда, еш кінәні мойындамайтынын мәлім еткен.

«Екі күн бұрын Халықаралық Олимпиада комитетінен Илья Ильинді екі алтын медалінен айыру туралы ресми хат келді. Бұл, бір жағынан, Халықаралық олимпиада комитеті мен Халықаралық допингке қарсы агенттіктің атқарған жұмысы еді, яғни бес алтын, бір күміс, бір қола медальдің күші жойылды. Сол екі Олимпиада ойындарында мен бас жаттықтырушы болдым, сондықтан, командамның басынан өткен жағдайға жауап беруім керек. Отставкамды қабылдаған Спорт министрлігіне, Ұлттық олимпиада комитетіне, Федерацияға алғыс айтамын. Менің отставкаға кетуім - медалінен айырылған және Олимпиада ойындарына қатысу құқығынан айырылған ұжымымның білдірген ниеті, бірақ кінәні мойындауы емес. Спортшыларды ойындардан шеттету мерзімі допинг табылды деген Олимпиада ойындарының бұрын болғанына байланысты, қысқартылады дегенге қатты үміттенемін»,-деген ойын қорытқан Алексей Ни.

Соңғы жаңалықтар