Александр Лукашенко мен Бақытжан Сағынтаев ТМД аясындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде пікір алмасты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ТМД үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысы аясында Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко ТМД премьер-министрлерін қабылдады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында Александр Лукашенко мен Бақытжан Сағынтаев халықаралық әлеуметтік-экономикалық күн тәртібіндегі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясындағы ынтымақтастықты нығайтудағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Айта кету керек, биылғы жылдың 16 қыркүйегінде, Бішкектегі ТМД саммитінде мемлекеттердің басшылары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамашылық еткен Достастықты заманауи шындықтарға бейімдеу жөнінде шешімдер қабылдады.

Осы орайда, Б. Сағынтаев Қазақстанның ортақ жобаларды іске асыруға аса үлкен мән беретінін және алда болатын ТМД үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысы жемісті өтетіндігіне сенімді екенін, ал қабылданған құжаттарды жүзеге асыру Достастық шеңберіндегі екіжақты өзара іс-қимылды дамытудың қосымша серпіні болатынын атап өтті.

Сөзін қорытындылай келе, Б. Сағынтаев ортақ жобаларды іске асыруға Қазақстанның дайын екендігін және ТМД бойынша серіктес мемлекеттермен әрі қарай белсенді түрде ынтымақтастығын жалғастыратынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапармен Минск қаласында жүр. Кеше ол мұнда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысқан болатын.

Соңғы жаңалықтар