Александр Бородюк ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Бородюк ресми түрде қызметінен кетті. Келісімшарт екіжақты келісім бойынша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстан футбол федерациясы Александр Бородюкке атқарған жұмысы үшін алғыс айтады. Александр Бородюк жаттықтырған уақытта еліміздің бас құрамасы жеті ойын өткізді. Оның біреуінде тең түсіп, алтауында жеңіліп қалды.

Ұлттық құраманың жаңа бас бапкерінің есімі алдағы уақытта жарияланады.

Соңғы жаңалықтар