Алдағы үш тәулікте елімізде аяз күтілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 4-6 қаңтарға арналған ауа-райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Суық Сібір антициклонының күші Қазақстанның көптеген өңірлерінде ауа-райына әсер етеді. Келесі үш күнде аязды ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды, климаттық нормадан төмен ауа температурасы 2...4 градусқа дейін түседі.

Еліміздің оңтүстігінде ғана жылыну байқалады, кей жерлерде жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады. Бұл Орталық Азия мен Қазақстанның оңтүстік өңірлері арқылы өтетін циклонға байланысты.

Соңғы жаңалықтар