Алдағы үш күнде солтүстік облыстарда боран соғады - Қазгидромет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы үш тәулік бойы Қазақстандағы ауа райына Орал және Батыс Сібір арқылы жылжып келе жатқан циклондар мен  атмосфералық фронттар ықпал етеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Атмосфералық фронттар әсерінен кей жерлерде қар жауып, республиканың солтүстік жартысында боран соғып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады. Еліміздің оңтүстік жартысында жаңбыр, қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Осы фронттардың тылынан антициклон жылжып келеді, сондықтан үшінші күні температура төмендейді, бірақ климаттық нормадан жоғары болады.

Соңғы жаңалықтар