Алдағы тәуліктерде ел аумағының басым бөлігінде аптап ыстық болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК маусымның 22-24 күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс Сібір арқылы белсенді циклондар бірінен кейін бірі алмасып жатыр. Соның салдарынан Қазақстанда кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ және 15-25 м/с дауылды жел тұрады деп күтілуде. 

«Республиканың батысы мен солтүстігінде атмосфералық ағындардың өтуінен ауа температурасы нормаға жақын және төмен болады деп күтілуде. Ал қалған аумақта температура климаттық нормадан 4-7ºС жоғары болады. Қазақстанның оңтүстігінде алдағы тәуліктерде аптап ыстық, күндіз 33-39ºС, кей жерлерде 40-45ºС  болады деп болжануда», - делінген хабарламада.  

Астанада 22 маусым күні көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыс, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде +14+16°С, күндіз +29+31°С.

23 маусым күні көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с дейін жетеді. Сынап бағанасы түнде +18+20°С, күндіз +26+28°С.

24 маусым күні көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде +16+18°С, күндіз +25+27°С.

Алматыда 22 маусым күні көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде +20+22°С, күндіз +32+34°С.

23 маусым күні көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. 10м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде +20+22°С, күндіз  +31+33°С.

24 маусым күні көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Жел тұрады 2-7, жылдамдығы 10м/с. Температура түнде +20+22°С, күндіз +28+30°С.

Соңғы жаңалықтар