Алдағы он күнде Қарағанды облысында су тасқынының беті қайтады - вице-министр Ильин

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильиннің айтуынша, Қарағанды облысында судың астында қалған елді мекендердің барлығы - Нұра өзенінің бойында орналасқан ауылдар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Самарқанд қоймасына су көптеп жиналғаннан кейін оны бері қарай жіберіп отыру туралы шешім қабылданған болатын. Әйтпесе, бөгеттің өзі бұзылатын еді. Енді, қараңыз, осыдан бір апта бұрын Самарқанд су қоймасы арқылы шамамен секундына 40 текше метр су жіберілсе, бір жетінің ішінде аталған көрсеткіш 1 000 текше метрге жеткен. Әрине, судың ондай көлемі өзен арналарына сыймай, жақын жерге жайылып кетті. Қазіргі кезде Самарқанд су қоймасына келетін судың көлемі азайып жатыр. Сосын Нұра өзенінің ұзындығын ескерсек, алдағы он күнде су тасқыны тоқтайды деген болжам бар», - деп атап көрсетті Ильин бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслиxатында вице-министр бір аптаның ішінде Жабай өзеніндегі судың деңгейі төмендейтінін жеткізді.  Сондай-ақ ол министр Қалмұxамбет Қасымовтың Атбасар кентіндегі су тоғанының бұзылуына байланысты қылмыстық істі қозғауды тапсырғанын мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар