Алдағы мерекеге орай Астанада бірқатар көше жабылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы мереке күндері Астанада бірқатар көше жабылады. Сондықтан полиция автокөлік иелеріне жол жүру барысын алдын ала жоспарлап алу керектігін ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Қазақ Елі» монументі алаңында өтетін ірі шараға 20-28 сәуір арасында дайындық жүргізілуіне байланысты Тәуелсіздік даңғылы (А. Байтұрсынов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі аралық) бойында жол қозғалысына шектеу қойылады. 

29 сәуір мен 2 мамыр аралығында аталмыш аймақ толығымен жабылады. 

Сондықтан, полицейлер аталған учаскені Аманжолов көшесімен (Ж. Нәжімеденов пен А. Байтұрсынов көшесі арылы) айналып өтуді ұсынуда. 

Көлік кептелісін болдырмас үшін іс-шараны ұйымдастырушылар автокөлік жүргізушілеріне алдын ала қалай қозғалу керектігін жоспарлап алуды ескертеді. 

Тәуелсіздік даңғылы бойынша көлік қозғалысын шектеу кезінде № 4, 21 автобус бағдарлары Ж. Нәжімеденов пен А. Байтұрсынов көшесі арқылы Аманжолов көшесімен қатынайтын болады. 

Қалалық ІІД жергілікті полиция қызметі жүргізушілерге қоғамдық көліктердің емін-еркін қозғалуы үшін жеке көліктерін уақытша бас тарта тұруды сұрайды. Мереке күндері халықаралық «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайы мен сол маңайға жақын елді мекеннің тұрғындарына баратын жерлеріне ертерек жетіп алуы керек. 

Сондай-ақ, тұрғындарды үш жерден арнайы рейспен тасымалдайды. Автобустың арнайы рейсі жиналатын орын: ІІМ автотұрағы, «Нұр Астана» мешіті, «Арай» саябағы. 

Қала әкімдігі тұрғындарды мереке кезінде тәртіп пен тазалық сақтауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар