Алдағы күндері елімізде күн суытады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет алдағы күндерге қатысты ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

30 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, күндіз Павлодар облыстарында жаңбыр, кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай күтіледі, бұршақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауаның температурасы күндіз 10-18 жылыға дейін төмендейді.
Түнде 31 мамырда кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік күтіледі.

31 мамырда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз 15-20 жылыға дейін төмендейді. Түнде 31 мамырда Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік күтіледі.
30 мамырда Астана қаласында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екіпіні 15-20 м/с-ге жетеді. Күндіз қатты жауын жауады.

Соңғы жаңалықтар